Ұлыбританиялық азамат Барух Питер сегіз жылға сотталды

БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұлыбританиялық азамат Барух Питер Даниэль Альфредке қатысты қылмыстық іске нүкте қойды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен Гүлмира Кенжеғалиеваның хабарлағанындай, шетелдік азамат Атырау мен Орал қалаларында тұрған кезінде әлеуметтік желілер арқылы танысқан жасөспірім қыздарды қонақүйге шақырып, азғындыққа итермелеген. Оларға белгілі бір көлемде ақы төлеп, сән әлемінде жол табуларына көмектесуге уәде етіп, жалаңаш күйлерінде суретке түсірген. 

Шетелдік азаматтың биылғы 9 ақпаннан бері қамауда отырғаны белгілі.

Сот Барух Питер Даниэль Альфредті ҚР ҚК 273, 273-1-бабы 1-бөлімі «б» тармағы, 124-бабы 3-бөлімі бойынша айыпты деп танып, «Кенон» ныспылы фотоаппаратын тәркілеумен бірге жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге 8 жылға бас бостандығынан айырды. 

Жәбірленушілердің заңды өкілдерінің азаматтық талапарыздары қараусыз қалдырылды. 
Сондай-ақ сот шетелдіктен мемлекет пайдасына 150595 теңге көлемінде процессуалдық шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз