Үш ардагерге «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Оралда өңірге танымал Нәжімеден Есқалиевқа, Михаил Мачевскийге және архиепископ Антонийге «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, 1941 жылы Астрахань облысы Краснояр ауданында дүниеге келген Нәжімеден Есқалиев республика көлемінде басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде 1986-1993 жылдары Батыс Қазақстан, 1993-1994 жылдары Көкшетау облысына басшылық етті. 1994-1999 жылдары дипломатиялық қызметте, дәлірек айтқанда, Қазақстанның Украинадағы және Өзбекстандағы елшісі болды. 1999-2003 жылдары ТМД елдері атқару комитетіндегі Қазақстанның уәкілі қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан Михаил Мачевский бұл күндері 95 жасқа толып отыр. Ол Орал стансасындағы мейрамхананы алдыңғы қатарлы ірі кәсіпорынға айналдырды. Айта кетейік, бірнеше ордендермен марапатталған ардагер Қазақстанның еңбек сіңірген сауда қызметкері.

Ал Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний дін саласында жемісті еңбек етіп келеді.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз