Үшжақты әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарына реттеу жөніндегі комиссия отырысы

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тимур Шиниязовтың төрағалығымен аудандық Үшжақты әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарына реттеу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Үшжақты әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарына реттеу жөніндегі комиссиясының 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, ҚР Үкіметінің «50 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын (50+ бастамасы) бекіту туралы» 2013 жылғы 14 мамырдағы №478 Қаулысын жүзеге асыру жөнінде іс-шара жоспарын қабылдау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқығын және әлеуметтік кепілдіктерін сақтау жөнінде ауданның төрт мекемесі: аудандық кітапхана, аграрлық техникалық колледж, аудандық емхана, мәдени-демалыс орталығымен төртжақты – аудан әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мекеме басшысы, мекеменің кәсіподақ қоғамының төрағасы арасында меморандумға қол қойылды.

Ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерліктің жауапкершілігін арттыру жөнінде меморандум жасау, соның ішінде аз қамтылған отбасыларын қолдау, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарды қолдау мәселелерін қарастыру тапсырылды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз