Волейболдан «Еуразия-2014» халықаралық турнирінде оралдықтар жеңді

Оралда Астана күніне арналған 1998-1999 жылғы қыздар арасында волейболдан «Еуразия-2014» халықаралық турнирі мәреге жетті.

Жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлерін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, кубоктар мен медальдарды табыс етті.

Аталмыш турнирге Ақтөбе, Оралдан, сондай-ақ Ресейдің Самара, Қазан, Сол-Илецк, Новокуйбышевск қалаларынан барлығы жеті команда қатысып, күш сынасты.

Жарыс қорытындысында Оралдың «Грация KZ» командасы жеңімпаз атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Қазанның «Юность» клубы екінші, Самараның СДЮСШОР-17 командасы үшінші орынды иеленді.

http://www.inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз