Зағип жандар үшін «Астана мен Елбасы» кітап көрмесі ұйымдастырылды

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың оқу залында Астана күніне орай «Астана мен Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің бірінші бөліміне кітапхана қорындағы Астанаға арналған әдебиеттер қойылып, соның ішінде «Жырлаймын сені, Астана» атты бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі өлеңдер жинағы, «Астанам - әсем асқақ ән» CD-диск түріндегі әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.

Келесі бөлім Елбасы туралы мәліметтермен, түрлі шығармалармен, атап айтқанда кітапханада шығарылған бедерлі-нүктелі қаріп түріндегі Н.Назарбаевтың «Мыслями с народом поделюсь», үнтаспа түрінде Елбасының «Өзекжарды ойлар», СD-дискідегі «Казахстанский путь» атты кітаптарымен жасақталды.

Зағип оқырмандарды Астана қаласының бүгінгі келбетімен таныстыру мақсатында «Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің, Астана!» бөліміне кітапханада шығарылған бедерлі-графикалық кұралдар қойылды. Кітапханадағы арнайы технологиялардың дамуы нәтижесінде оқырмандар иллюстрациялық құралдарды саусақ ұшымен сезініп, Астананың жаңа ажарын түйсік арқылы тереңінен ұғынып, өз ойларымен бөлісті.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз