Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған кәсіпкерге көлемді айыппұл салынды - БҚО

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің Бөрлі ауданаралық қаржы полициясы басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Ақсай қаласындағы бірнеше дүкенде «Ютан плюс» ЖШС-ның алты ойын автоматы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған байланысты «Ютан плюс» ЖШС директоры Е.Скрипалеваның үстінен ҚР ҚК 269-1 бабының 1-бөлімі бойынша (ойын бизнесі саласында қызметті заңсыз ашу немесе ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды. Ойын автоматтары арқылы лотерея билетін тарату емес, ақшалай ұтысқа құмар ойындар ойнау жүзеге асырылған. Автоматтардан табылған қаржы көлемі 925 мың теңгені құрады.

Бөрлі аудандық сотының үкімімен Е.Скрипалева айыпты деп танылып, оған 865 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген соң қаржы полициясында сақтауда тұрған «Ютан плюс» ЖШС-не тиесілі 6 ойын автоматы жойылды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз