Зарина Дияс WTA рейтингінің 37-сатысына көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) рейтингінде өзінің жағдайын тағы жақсартты деп хабарлайды Vesti.kz. 

WTA рейтингінде жерлесіміз 39-орыннан 37-орынға көтеріліп отыр. Оның еншісінде 1920 ұпай бар. Мұндай жетістікке ол Пекинде өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шыққаннан кейін қол жеткізді. Турнирдің бірінші айналымында Дияс чех теннисшісі Клара Крукалованы жеңген болатын. Алайда, келесі ойында ол неміс Анжелик Керберден жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған.
Қазақстанның өзге теннисші қыздары Ярослава Шведова 67-сатыдағы орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 121-ден 122-ші орынға төмендеді.

http://baq.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз