Жақын туысының үйіне келіп оқ атқан тұрғын 3 жылға сотталды - БҚО

Бөрлі ауданы Қызылтал ауылының Алмас Р. деген тұрғыны балық аулап жүріп «Тигр» маркалы аңшы мылтығын тауып алады.

Бөрлі аудандық сотынан түскен мәліметке қарағанда, ол мылтықты өз үйінің сарайында заңсыз сақтаған. Осы жылдың наурызында оған Қанай ауылында тұратын қарындасы телефон шалып, күйеуінің ұрып-соққанын айтады. Жазаланушы «Мәселені шешу» үшін «Nissan Primera» автокөлігімен қарындасының үйіне келгенде, ешкім болмайды. Үйдің құлыптаулы тұрғанын көрген ол ішке бірнеше рет оқ атады. Онымен тынбай, ауылдық Мәдениет үйі жанында осы қылығын тағы қайталап, оқиға орнынан бой тасалаған. Бұзақы бұл қылмыстық әрекетімен 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот отырысы барысында жәбірленуші талабының жоқтығын айтып, істі қысқартуды өтінгенімен, Бөрлі аудандық сотының үкімімен жауапқа тартылушыға ҚР ҚК 257 бабы 3-бөлімі және 251 бабы 1-бөлімі бойынша үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз