Жалпақталда өткен Президент күні

Табыстың тайқазанын толтырған тәуелсіз еліміз Тұңғыш Президент күнін ерекше тойлады. Ел мен Елбасын егіз көрген халқымыздың бұл мерекесі бүгініміздің арайлы, бола­шағымыздың баянды екенін тағы бір паш етті. Әлем көз тіккен әдемі күнгі шаралар легінің қатары Жалпақтал ауылын да шаттыққа бөледі.

Жалпақтал Мәдениет үйінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара оздырылды. Бұл шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған салтанатты ша­ралар Елбасыға деген халықтың зор құрметі мен сүйіс­пеншілігінің айғағындай болды.

Мәдениет үйінде ауыл әкімі Данияр Қайратов ҚР Тұңғыш Президенті күнімен жұртшылықты құт­тық­тап, әрбір отбасына амандық, бақуатты тұр­мыс тіледі. Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі­нің әр кезеңінен таңдап алынған фотосуреттер слаид түрінде көрсетілді.

Мұнан кейін Мәдениет үйінің өнерпаздарының әннен шашу шашып, Ақпәтер орта мектебінің «Еркем-ай» домбырашылар ансамблі қазақтың қара домбырасымен асқақ күйді күмбірлетті. Ал К.Меңдәлиев атындағы орта мектеп оқушыларының мың бұралған билері халық көңілінен шығып жатты.

http://zhaikpress.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз