Жаңа iPhone 6 Plus смартфондары үмітті ақтамағанға ұқсайды

Жаңа iPhone 6 Plus иелері ұялы телефонның «ерекше қасиетін» анықтады. Атап айтсақ, гаджеттің корпусы сатып алғаннан кейін бірнеше күн өткен соң өзінен-өзі майысып қалған, деп хабарлайды BNews.kz.

Өткен жұмада ғана сатылымға түскен жаңа iPhone моделін сатып алғандар гаджеттерінің қалтаға салғаннан кейін майысып қалғандарын айтып шағымдануда. Apple смартфонының соңғы үлгісі бөлшек саудада 999 австралиялық долларға сатылып жатыр.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Apple басшысы Тим Кукқа жаңа гаджеттегі «иілгіш дисплей» үшін әзіл-шынын араластырып алғыстарын айтты.

«Сәлем, Тим Кук. Мен өзімнің жаңа iPhone 6 Plus телефонымды өте қатты жақсы көремін!!! Ондағы менің сүйікті функциям – ол иілгіш дисплей», - деп жазады телефон иелерінің бірі.

Екінші бір пайдаланушы айфондағы суреттің біраз қисайғанын байқап, телефонды анықтап қарап шыққаннан кейін, оның майысып қалғанын көрген. Оған дейін гаджет шалбардың қалтасында болған екен.

Жаңа смартфонның мұндай «ерекшелігі» әлеуметтік желілерде біраз шу туғызды.

Ең тапқырлары  жаңа айфонның бұл кемшілігін сынға алып, «bendgate» хэштегін жасап та үлгерген.

BNews.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз