Жаңақаланың қыстан қысылмауға мүмкіндігі бар

Қыс бел ортаға келді. Әйтсе де облыстың оңтүстігінде орналасқан Жаңақалада қыс енді қаһарына мінді. Ал шаруа халі нешік, мал қыстан қысылмай шыға ма?

Мал қыстату науқанының тағдырын негізінен жем-шөп қорының жағдайы шешеді. Жаңақала ауданында өткен жылы мал азығы артығымен дайындалды. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Семеновтің айтуынша 68648 бас шартты малға 112,6 мың тонна сапалы мал азығы дайындалған. Барлық 9 округ өздеріне берілген тапсырманы 100 пайызға орындап шығып, 1 шартты басқа 120 күнге есептегенде 8,5 мал азықтық өлшеммен келеді. Күні бүгінге шөпке тарығып отырған жерлер жоқ. Ең шөбі көп ауыл Қызылоба ауылдық округі. Бұл округте 21 мың тонна мал азығы дайындалды. Жалпы, мал азығы жөнінен шаруа қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде ешқандай қорқыныш жоқ. Тек енді жекелеген үйлердің шарбағындағы малдардың шөбінің толық жететініне кепілдік беру қиын. Қыс созылса, жем-шөбі  сарқылып қалатын жекелеген мал ұстаушылар кездесуі мүмкін. Егер оларға жем шөп қажет болатын жағдай туып жатса, қордан жәрдем көрсетілмек.

www.zhaikpress.kz
Надежда Есетова
Жаңақала ауданы

Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз