Жаңаөзенде сарбаздар адасып кеткен үш жасар баланы тапты

1 мамыр күні Жаңаөзен қаласында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548-әскери бөлімінің сарбаздары адасып кеткен үш жасар баланы тапты.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1 мамыр мерекесіне байланысты жаппай серуен кезінде, кешкі сағат 20.00 шамасында құрамында ефрейтор Жақсығалиев, қатардағы жауынгерлер Олжас Самиғулов, Олжас Қылышпаев 2-шағынаудан 33-үй жанында жылап отырған кішкентай қыз баланы байқап қалады. Сол бойда олар кезекшіге хабарласады. Абырой болғанда, қыз бала зардап шекпеген. Көп ұзамай ол ата-аналарына табыс етілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтаудағы қырағылығы үшін аталған әскери қызметкерлер ынталандыруға ұсынылды.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз