«Жаңарған өңірге» - 80 жыл

Аудан өмірінің айнасы ретінде өмірге келген газет өзінің қаз басқан алғашқы күндерінен-ақ оқырмандардың сүйікті газеті ретінде Жаңақала ауданының өсіп-өркендеу кезеңдерінің барлығына қоян-қолтық араласып, тағдыр талайын бірге көріп келеді.

Аудан өз алдына шаңырақ көтергеннен кейін Жаңақала аудандық газетінің алғашқы саны 1934 жылдың күзінен «Социалистік еңбек» деген атпен шыға бастады. 1942 жылға дейін латын әрпімен шығып тұрды.

Аудандық газет 1934 жылдан 1959 жылдың 19 қарашасына дейін «Социалистік еңбек», 1959 жылдан аудан тараған 1962 жылға дейін «Коммунистік еңбек» деп аталды. Ал 1962-1972 жылдар аралығында ауданымыз таратылып, Казталов, Фурманов аудандарына қосылған кезде ауданаралық газет ретінде «Коммунист» деген атпен шықты. Ауданымыз қайта құрылған 1972 жылдан бері аудандық газет «Жаңарған өңір» деп аталып келеді.

Бүгінгі таңда «Жайық Пресс» ЖШС Жаңақала филиалында 9 адам жұмыс жасайды. Оның 4-і шығармашылықпен айналысса, қалғаны техникалық топтағылар. 1986 жылдан газет жұмысына араласқан Өмірзақ Тұрақбайұлы - 2002 жылдан бері газет редакторы.

Газет көтерер мәселе аз емес. Атап айтқанда, адамгершілік, имандылық, отаншылдық, ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, тіліміздің мәртебесін көтеру, үлкенді ұлағаттау, кішіні ізеттеу, тұрмыстық-әлеуметтік мәселелер, мәдени сала, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, т.б.

Ғұлама ғалым, қазақтың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Жаңарған өңірдің» 80 жылдығын атап өту тамыз айына жоспарлануда.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз