Жанжал үстінде адам өлтіріп, 10 жылға сотталды - БҚО

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 1-бөлімімен кінәлі деп танылған азаматқа қатысты үкім шығарды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Санбаев уақытша тұрып жатқан пәтерінде таныстары ағайынды Ефимовтармен және онша таныс емес Куприн, Колбасиндермен ішімдік ішкен. Отырыс барысында Колбасин С.Ефимовтың пәтерге келе жатқан жолда өзін бейтаныс адамдардың А.Ефимов пен Санбаевтың көзінше соққыға жыққанда, соңғылардың көмек қолын созбағанын айтады. Болған жайтты сылтауратып ашуға бой алдырған  Колбасин Санбаевты балағаттай бастайды. Жанжал туындамай тұрғанда, пәтерден шығып кетпекші болған Санбаевты бір жағынан Куприн, екінші жағынан Колбасин жабылып, соққы мен тепкіге алады. Төбелес кезінде Санбаев ас үй пышағын Колбасиннің бірнеше жеріне сұғып алады. Пышақтан алған жарақаттан ол сол жерде көз жұмады.   

Сот Санбаевты адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге үкім етті.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз