Жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Аудан әкімі Мұрат Мұқаев «Жәнібек аудандық ауруханасы» ШЖҚМКК директоры Тимур Мұсағалиевті және биыл  Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетін дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітіріп шыққан жас маман Венера Махамбетованы қабылдады.

Бас қосу барысында аудандық аурухана басшысы аудан әкімін аудандағы медициналық мекемелердің жай-күйі жөнінде хабардар етті және аудан орталығындағы ауруханаға жоғары білімді дәрігерлер сирек болса да біртіндеп  келіп жатқандығын айтып, жас дәрігер Венера Махамбетованы таныстырды.

Жоғары оқу орнын бітірген жас маманның ата-анасы Тараз қаласында тұрады. Өзі біздің аудандағы Тау ауылының жігітімен тұрмыс құрған. Осында тұрақтап қалу ойында бар.

Аудан басшысы аудандық орталық аурухананың жоғары білімді дәрігерлермен толығуына мүдделі екенін, жас маманның ауылға ат басын бұрғандығына барша аудан тұрғындарының қуанышты екендігін жеткізіп, оның отбасы аудан орталығынан барлық тұрмыстық жағдай туғызылған тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.   

www.zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз