Жасөспірім қыздарды азғындыққа итермелеген П.Барухтың ісі сотқа берілді

Кәмелетке толмағандарды азғындық жолға итермелеген деген айып тағылған ұлыбританиялық азамат Питер Барухтың ісі сотқа берілді.

Орал қаласының прокуроры Айдын Рашидовтың айтуынша, енді оның ісін БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады.

Еске сала кетейік, шетелдік азамат жасөспірім қыздарды жалаңаш суретке түсіріп, ғаламторға таратқан. Бұған қатысқандардың саны жетеу болса, соның төртеуі Атыраудан, үшеуі Оралдан. Олардың ата-аналары моральдық шығын ретінде 5,4 млн. теңге өндіруді талап етіп отыр. Тергеу барысында мәлім болғанындай, Питер Барух порнографиялық сипаттағы екі мыңнан астам фотосурет дайындаған. Шетелдік азамат өз кінәсін мойындамай отырса да, айғақ жеткілікті. Сонымен қатар П.Барухтың ата-анасы егер ұлы айыпты деп танылатын болса, оның жасын, отбасылық жағдайын, екі баласы бар екенін ескеріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз