Жайық өзенінің деңгейі 6,5 метрге көтерілуі мүмкін

Биыл Жайық өзенінің деңгейі 6,5 метрге көтерілуі мүмкін.

ТЖ департаменті мамандарының айтуынша, жалпы болжам 7-8 метр болғанымен, оған жете қоюы неғайбыл. Қазіргі кезде Жайық өзенінің деңгейі Январцев тұсында 503, Орал қаласында тәулігіне 10 сантиметрге көтеріліп, 447 сантиметрге жетті. Облыстың басқа өзендерінде су қайту үстінде.

«Қазсушар» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 6 сәуір күні Орынбордағы Ирикла су қоймасынан Жайыққа секундына 90 текше метр (2013 жылы осы мерзімде 60 текше метр) су жіберілді. Сондай-ақ Қараөзенге Александров-Гай су қоймасынан секундына 80 текше метр су босатылуда.

Жуырда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастаған су тасқынының алдын алу жөніндегі жедел штаб мүшелері «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағымен Теректі, Ақжайық, Зеленов, Жаңақала, Қазталов аудандарында орналасқан ірі су қоймаларын тексеріп шықты. Сапар барысында су қоймаларының техникалық жағдайы, толу және су жіберу көлемі нақтыланды.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз