Жайықтың тек Облавка ауылы тұсындағы жағалауын бекітуге 1,2 млрд. теңге қажет - БҚО әкімі

Жайық өзенінің Бөрлі ауданы Облавка ауылы тұсындағы жағалауын бекіту жұмыстарына 1,2 млрд. теңге қажет. Бұл туралы осы жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Оның айтуынша, аталмыш нысан 2015 жылы пайдалануға берілмекші. Әзірге 50 млн. теңге бөлінген. Биыл Облавка ауылын су басу қаупі төніп тұрған жоқ.

Жайықтың осы тұстағы сол жағалауын су 2007 жылдан бері шайып келеді. Орман-тоғай өз алдына, республикалық маңызы бар Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының 200 метрден астам бөлігін су басу қаупі бар. Осы тұста біздің дәуірімізге дейінгі 4-2 ғасырларға жататын «Облавка» қорғаны, соған қоса ауыл тұрғындары жерленген ескі зират және бар. Сондықтан 2007 жылы «Оралсужоба» ЖШС Облавка тұсындағы ұзындығы 2,1 км болатын жағалау бекіту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесін жасаған болатын. «Оралсуқұрылыс» вице-президенті Тенгиз Тедеевтің сөзіне қарағанда, жағалау бекіту жұмыстары үзіліссіз жүргізілуде. Бетон қазық қағылып, арасына қиыршық тас құйылған плиталармен бекітілуде.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз