«Жайықжылуқуат» АҚ-ның алашағы 487 млн. теңгеге жетіп отыр

Берілген жылу қуаты үшін «Жайықжылуқуат» АҚ-ның 1 мамырға дейінгі алашағы 487 млн. теңгеге жетіп отыр.

Кәсіпорынның өнім өткізу жөніндегі директоры Вячеслав Солодиловтың сөзіне қарағанда, соның 352,9 млн. теңгесі - тұрғындардың берешегі. Оған қоса 170 млн. теңге сот орындаушыларының өндірісінде жатыр.

Мұндай қарыз кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етуде. Биыл «Жайықжылуқуат» АҚ инвестициялық міндеттемелерге сәйкес жылу қуаты бойынша 369 млн. теңге, электр қуаты бойынша 700 млн. астам теңгенің шараларын атқармақшы. Алдағы жылыту маусымына дайындық өткен сәуір айында-ақ басталып кетті.

Сонымен қатар өңірде газ бағасының қымбаттығы да кәсіпорынға қиын тиіп тұр. Мысалы, «Жайықжылуқуат» АҚ газдың әр мың текше метрін 16607 теңгеден сатып алса, тарифте басқа сома - 10 мың теңге салынған. Осы 6607 теңге айырмашылық кәсіпорынға жылына 1 миллиардтай шығын әкеледі. Биыл ол 800 миллиондай теңгені құрамақ. Қазіргі кезде табиғи газ жеткізуші «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «Жайықжылуқуаттан» мерзімі өткен 310 млн. теңге берешекті сот арқылы өндіріп алмақш

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз