Жеңіс күніне орай мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қан тапсыруда - БҚО

Облыстық қан орталығында 17 сәуір күні Жеңіс күніне орай қан тапсыру апталығы басталды.

БҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы Гүлдана Аргенованың айтуынша, 24 сәуірге дейін созылатын аталмыш шараны «Нұр» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр. Бүгін алғашқы болып қан тапсыруға ішкі саясат басқармасының қызметкерлері барды.

Атап айтқанда, медициналық талапқа сай келген бөлім басшысы Абат Ашық, заңгер Жеңіс Халелов және бас маман Нұрхат Жамбоз қандарын тапсырып, өзгелерге үлгі көрсетті. Ертең бұл игі шараны Оралдың басқа мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері жалғастыратын болады. Сондай-ақ денсаулығы қалыпты кез келген тұрғын өнегелі іске өз үлесін қоса алады. 

«Нұр» қорының президенті Салтанат Жүсіпованың айтуынша, бүгін аудандарда да қолға алынған шараны олар алғаш рет ұйымдастырып отыр. 

Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынған мәліметтерге қарағанда, бірінші күні 120 адам қан тапсырып үлгерген.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз