Жеңіс күніне орай «Сізден әлемнің жылуы тарайды» шарасы басталды - БҚО

Кеше Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай «Сізден әлемнің жылуы тарайды» шарасы бастау алды.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығынан түскен мәліметке қарағанда, шара аясында соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Қалалық емханалар мен фармакологиялық фирмалардың өкілдері олардың үйлеріне барып, дәрі-дәрмектер мен медициналық қоржындар үлестіріп, майдангерлердің қан қысымын өлшеуде.

Айта кетейік, облыс бойынша мұндай қамқорлықпен 300-ден астам адамды қамту көзделіп отыр.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз