Жоғалған жігіттің мәйіті көріпкелдің көмегімен табылды - БҚО

Ауылдасын өлтірген БҚО Зеленов ауданы Володар ауылының 23 жасар тұрғыны Андрей Меренков қатаң режимдегі жазасын өтеуге 11 жылға сотталды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, өткен жылдың 25 қыркүйегінде Рустам Әжмұханов ағасы Русланның жоғалып кеткені жөнінде Приурал полиция бөліміне хабар түсіреді. Бес күннен кейін туысқандары мен көршілерінің іздестіруі нәтижесінде Русланның мүрдесі ауыл жанындағы 100 метрлік тұрбадан табылады. Марқұмның денесіне келтірілген зақымның көптігі оның зорлықпен өлтірілгенін көрсетеді. 

Тергеу орындары анықтағанындай, Руслан А.Меренковпен және Андрей Кривобоковпен бірге арақ ішу кезінде алдыңғысымен сөзге келеді. Талас соңы төбелеске айналады. Көп ұзамай інісі Рустам келіп, арашалап, үйге алып кетеді. Бірақ ағасы онымен тыншымай, оқиға орнына қайта барады. Төбелес қайта өршіп, соның салдарынан Руслан мерт болып, оның денесін А.Меренков пен А.Кривобоков орманға апарып, тұрбаға жасырады. Бұған тағы бір ауыл тұрғыны Алексей Глухов «көмектеседі».

Сотталушының сыбайласы А.Кривобоковқа қылмысты жасырғаны үшін ҚР ҚК 363-бабы бойынша жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге 2 жыл белгіленсе, А.Глуховтың екі жылға бас бостандығы шектелді.

Айта кетейік, Р.Әжмұхановтың денесін табуға көріпкел көмектескен.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз