Жол апатынан төрт баланың анасы қаза тапты - БҚО

4 мамыр күні кешкісін Орал-Атырау жолының 60-шақырымында, Зеленов ауданы Янайкин ауылының тұсында кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды.

Ауылға жетіп, көліктен түскен күйеуі кішкентай баласын жетелеп, жолды кесіп өткен де, сол сәтте жолақы төлеуге кідіріп қалған оның әйелі, 1983 жылғы Бақытжан Жанақованы қатты жылдамдықпен келе жатқан Гольф автокөлігі (мемлекеттік нөмірі 439-АРА) қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмды. Аудандық мемлекеттік автоинспектор, аға лейтенант Марат Қазиевтің сөзіне қарағанда, автокөлік айдаған 1967 жылғы Орал қаласының тұрғыны Абат Мерғалиевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Аудан орталығы Переметныйда тұрған Б.Жанақованың соңында шиеттей төрт баласы қалды, үлкені небәрі алтыда.

http://inform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз