Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жасар сәби қатты жарақат алды

22 маусым күні Оралға қарасты Желаев кенті маңында Дариян-Орал жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алды.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, «УАЗ» автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Фольксваген» көлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан «Фольксваген» көлігінде келе жатқан 2013 жылғы сәби басынан қатты жарақат алған. Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. «УАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жол апатына себепші болумен қатар оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел шаралар нәтижесінде бір тәулік ішінде 1980 жылғы азамат ұсталды. Сәби ауруханадан шыққаннан кейін тиісті сараптама жасалып, аталған жүргізушінің үстінен қылмыстық не әкімшілік іс қозғау мәселесі шешілмек.

http://kazinform.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз