Жұлдыз жорамал (01.09.14–07.09.14 жж.)

Тоқты

Апта басталысымен, өмірді жаңа қырынан тани бастайсыз. Өмір сүру ортаңыз ауысуы мүмкін. Яғни, өміріңіз жаңа арнаға бұрыла бастайды. Жаңа достар табасыз. Сауапты істер жасауды әдетке айналдырыңыз. Уақытыңызды бос жібермей, өмірде өзіңізге пайдалы іс-әрекеттермен айналысыңыз.

Торпақ

Апта басында өзіңізге жақын жандармен ортақ байламға келе алмай қиналуыңыз мүмкін. Жолай танысқан адаммен сырыңызды бөлісуге асықпағаныңыз абзал. Бойыңыздағы жалпақшешейлік қасиетіңіз өзіңізге кері әсерін тигізетінін де естен шығармаңыз. Сабыр сақтауды әдетке айналдырғаныңыз абзал.

Егіздер

Апта барысында сізден қаржылай көмек сұраған адамдарға міндетті түрде көмектескеніңіз абзал. Қайдай да бір қиындыққа тап болсаңыз, сабыр сақтап, істің ақырын күткеніңіз дұрыс. Өсімі бар қаржыға ешқашан жоламаңыз. Сыртқы келбетіңізді жинақы ұстауға тырысыңыз. Қай жерге барсаңыз да “Киімге қарап қарсы алып, ақылыңызға қарап шығарып салатынын” ұмытпаңыз.

Шаян

Аптаның алғашқы күнін позитивті көңіл-күймен бастаңыз. Барлық шаруаңыздың сіздің ыңғайыңызға қарай реттелетініне сеніңіз. Қызметіңізді барынша жақсы артқаруға кіріскеніңіз дұрыс. Адалдығыңыз бен сенімділігіңіздің арқасында жоғары лауазымға ие болуыңыз мүмкін. Осы қасиетіңізді жоғалтпаңыз.

Арыстан

Өзіңізді қолдап-қолпаштайтын жақсы адамдармен байланысыңызды үзбеуге тырысыңыз. Бастығыңызбен ренжісіп қалудан сақ болыңыз, себебі сәтті мүмкіндіктерді аяқ астынан жіберіп алуыңыз мүмкін. Барлық уақытта өзіңізді өте зерек ұстап, әділдік қайда болса, сіз де сол жерден табылыңыз.

Бикеш

Апта барысында ұсақ-түйек шаруаларыңызды тындырғаныңыз дұрыс. Жолдасыңыздың көңіліне қаяу түсіретін сөздерді айтудан бас тартып, тіл табысу жағын қарастырыңыз. Қаражат мәселесін реттеудің тиімді жолдары табылады.

Таразы

Ең бастысы, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңыздан айнымаңыз. Ақылмен іс қылсаңыз, бұл апта өміріңізге ұмытылмас өзгеріс алып келеді. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Бастықтар жаңа ұжым құруы мүмкін.

Сарышаян

Аптада кездескен қиын сәттерге мойымаңыз. Сүйіктіңізбен араларыңыздағы қарым-қатынастарыңызға ғажайып романтика қосыңыз. Араласатын ортаңызды кеңейтіңіз. Өзіңізді қолдап, қолпаштайтын тілектестеріңіз бен шынайы достарыңыздың көп болғаны дұрыс.

Мерген

Аз нәрсеге қуанып, жоқшылыққа сабыр еткеніңіз дұрыс. Ширақтығыңыз бен біліміңіздің арқасында абыройыңыз асқақтай түсуі мүмкін. Қарамағыңызға алған жаңа қызметкерлеріңізді сынақтан өткізуге уақыт табыңыз. Сонда ғана ісіңіз алға басады.

Тауешкі

Апта барысында қауырт жұмыстарды бастамас бұрын, оның нәтижесі қалай болатынын алдын-ала ескеріңіз. Жалпы бұл апта өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.

Суқұйғыш

Аптаның басында жұмыста қиындықтар туып, біраз қиналуыңыз мүмкін. Алайда, апта сонында бәрі қалпына түсіп, рақаттанып демаласыз. Мазалаған ойлардан арылып, өмірдің кейбір қиын сәттерін ұмытуға тырысыңыз.

Балықтар

Бұл апта сізден жігерлілік пен қайсарлықты талап етеді. Қызметте әріптестеріңізге көп сене бермеңіз. Олардың ішінде жатқан қызғаныш оты сізге жақсылық әкелмеуі мүмкін. Апта барысында сізді күтпеген кездесу күтіп тұр.

http://www.qazaquni.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз