Жұлдыз жорамал (17.11.14 – 23.11.2014)

Тоқты
Бұл апта сізге көптеген жақсы қасиеттеріңізді ашуға мүмкіндік тудырады. Соның ішінде тісіңіз батпай жүрген проблемаларды шешуге бел буасыз. Сондай-ақ қызықты және жағымды оқиғалар да осы апта еншісінде. Бірақ келер аптаның басты ұраны білек сыбана жұмыс істеу. Оның жемісін көп ұзамай көретін боласыз.

Торпақ
Келер аптада жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келетін болады. Жалпы бұл апта өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.

Егіздер
Бұл жетіде құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Бақытты кезеңдеріңізді отбасыңызбен немесе жақын адамдарыңызбен бөліскеніңіз дұрыс. Қызметте жетістіктер күтіп тұр. Ең бастысы салмақтық пен сабырлық таныта біліңіз.

Шаян
Келер жеті күнде демалысқа көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл апта ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз да біраз тыныштыққа кенелетін болады.

Арыстан
Қыдыруға дайындалып жатқан арыстандардың жолы болмақ. Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да арыстандардың қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.

Бикеш
Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші күннің көзі қырауда және аязды күндері жұмыс істеуден бас тарта тұрған жөн болар. Бикештердің денсаулығының сыр беретін мезгілі осы айдың аяғына дейін созылуы мүмкін, сондықтан бұл апта ішінде отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, өзіңізге-өзіңіз берік болғаныңыз абзал.

Таразы
Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына өте ауырға түсетін дүние. Бұл апта жұлдыздар таразыларға барлық жақсы-жаманды айырып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.

Сарышаян
Алыстағы туысқандарыңызбен жүздесулеріңіз мүмкін. Жақсылыққа жайылған ақ дастарқан үстінде бас қосуларыңыз ықтимал. Сізден жақындарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бұл апта сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.

Мерген
Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзі іскерлік жағыңызда үлкен проблемалардың туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл жеті сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді естен шығармаңыз.

Тауешкі
Келер жеті күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, жеке өміріңізде болсын. Шығармашылық жолда жүрген тауешкілердің өмірі жаңа шабытқа толы болады.

Суқұйғыш
Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.

Балықтар
Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді

http://www.qazaquni.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз