Жұлдыз жорамал (24.11.14 – 30.11.2014)

Тоқты

Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы – өзіңізге нақты ненің керек екендігін білу.Егер іске құлшыныспен кірісер болсаңыз ол міндетті түрде жемісті болады. Жеке ісіңізді бастауға қорықпаңыз.

Торпақ

Сіз осы уақытқа дейін жақындарыңызға үнемі қамқор болып келдіңіз,енді өзіңізді ойлайтын кез келді. Сізді көптеген саяхаттар күтіп тұр.Ой-өрісіңіз, біліміңізді кеңейте түсесіз, жұмысқа керек тәжірибе жинақтаудың жаңа мүмкіндіктері туады. Жауапкершіліктен қашпаңыз.Түрлі жобалар мен шараларға бел шеше кіріскеніңіз өзіңізге тиімді.Жұлдыздардың жорамалынша, сізге қамқор және еңбекқор адам жолығады.
Егіздер

Сіз өз биігіңізге асықпай, аяңдап жетесіз. Тек наурыз айында өзіңізді қай істе көргіңіз келетіндігін анықтап алып, сол бағытқа қарай жүргеніңіз жөн. Жылқы жылы сізден көп мөлшерде сабырлылық пен төзімділік күтеді.Бастаған істі аяқсыз қалдырсаңыз, еңбегіңіздің жемісін күтпеңіз. Ал қараша айында сізге жаңа жұмыс тапсырылады. Сенімді жұмыс! Жауапкершіліктен қашпаңыз. Ауырдың астымен жүрмеуге тырысыңыз.

Шаян

Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп жүріңіз. Жоқ, жалғандықтың еш керегі жоқ. Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. Сіз шығарып салған жылдан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қайырып тастауға жетеді. Шектен тыс өркөкіректік танытудан сақтаныңыз. Егер бұл мінезіңізге ерік беріп алсаңыз, біраз жақсы адамдармен байланысыңыз үзіліп қалуы мүмкін.Салмақты қатынас үшін сабырлылық керек-ақ. Нағыз шешуші кезеңге жетіп қалғаныңыз есіңізден шықпасын. Осылай өзіңізге деген сеніміңіз нығая түседі.
Арыстан 

Арайлап атқан әрбір таңға қуану, өзгелерді таңдандыру, және өз-өзіңізге ғашық болу – осы жылды көңілді өткізуіңізге көп көмегін тигізеді. Отбасыңызға деген ерекше көзқарасыңыз ошағыңыздағы түсіністікті үйлестіруге деген құлшынысыңызды арттырады. Шығармашылық қадамдарыңыз сізге үйіңізге талғаммен орналасуға мүмкіндік береді. Сауықтыру орындарына және теңізге баруға уақыт табуға тырысыңыз. Жақындарыңыз сіз оқумен, қағазбастылықпен іс сапарлармен басыңыз қатып жүрген қиын кезеңде қолдауға тырысады.

Бикеш 

Бұл жыл сіз үшін сәтті өтпек. Өйткені сіздің шығармашылық белсенділігіңіз артып келеді. Алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалмақшы. Сондықтан өмірлік жоспарларыңызды тағы бір айқындап алыңыз. Сізді білім жолында көптеген табыстар күтіп тұр. Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар.

Таразы

Үйіңізге және отбасыңызға,оқуға көбірек уақыт бөліңіз жылқы жылында.Сіз үшін жылқы жылында бизнес саласындағы шешімі жоқ сұрақтардың оңтайлы жауаптары табылып, сәттілік серік болғалы тұр. Таңғажайып романтикаға толы кездесулерге толы мезгіл. Сонымен қатар, басқа жақтан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Бәрінің байыбына барып ойланыңыз. Егер жеке бизнесіңіздің алға басқанын қаласаңыз, онда барлық сәттілікті қараша айынан күтіңіз.

Сарышаян 

Жылқы жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы шешесіз. Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп уақытыңызды оқуға бөліңіз. Бұл жыл сізден еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты күтеді. Сонымен қатар жылқы жылында оқуға, саяхат жасап, демалуға көптеген мүмкіндіктер тууы мүмкін. Шешім қабдылдауда шорқақтық танытпаңыз. Өміріңізге кедергі жасайтын, түкке де керегі жоқ дүниелерден арылыңыз. Пайдалы әрі сауапты іс істеуге тырысыңыз.
Мерген

Сізге өткен өміріңізге есеп беріп, болашаққа жаңа жоспар құратын уақыт жетті. Мазасыз тіршіліктен бас тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліңіз. Жұрттың қамын жеп, қамқорлық жасау сіздің ғана маңдайыңызға жазылмаған. Жұмысыңыз кедергі келтіріп жүрген болса, аз уақытқа демалыс алыңыз. Алғашқы жарты жылдықта мұндай өзгерістерді қабылдау қиын болғанымен, жаз айларынан бастап бәрі де қалпына түседі.

 Тауешкі 

Сіз өте қайсар жансыз және кез келген маңызды және қиын жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз. Сондықтан да төрімізге шыққалы отырған жылан жылында жұмыста да, үйде де көптің назарында боласыз. Әріптестеріңізді, туыстарыңызды, жора-жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, арты жақсылыққа апармайды. Мүмкін емес деген нәрселердің өзін еш қорықпастан армандаңыз, биыл сол армандар орындалатын сәтті жыл болмақ.

Суқұйғыш 

Жаңа жылдағы өзгерістер қаңтар айынан-ақ анық байқалады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. Осы талпынысыңыз арқылы көшбасшылыққа да жетіп жатсаңыз таңқалмаңыз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты сәттіліктерге толы болмақ.

Балықтар

Бұған дейін қолға алғаныңызды жалғастыра түсіңіз: өзіңізді, өмірдегі орныңызды, мақсатыңызды,… Айналаңыздағылардың сенімсіздіктеріне, алып-қашпа әңгімелеріне назар аударушы болмаңыз. Көп уақытыңызды танымыңызды кеңейтуге, көп саяхат жасауға, жаңа мәдениеттерді тануға арнаңыз. Шетелдіктермен араласуды әдетке айналдырыңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын уақыт жетті.

http://www.qazaquni.kz/
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз