«Жүрегім менің - Астанам» атты шара өткізілді

2 шілде күні БҚО Ішкі істер департаментінде «Жүрегім менің - Астанам» атты шара өткізілді.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шараның мақсаты - қызметкерлерді идеологиялық тұрғыда тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды құрмет тұтуға шақыру және елдігіміз бен бірлігімізді насихаттау.

Шараға арнайы щақырылған магистрлер, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы Серік Сейдахметов пен Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Айгүл Шоқаева Астана туралы тартымды әңгімелеп берді. Елорданың бүгінде көркем де өркениетті қалалардың біріне айналғанын әдемі жеткізе білді. Содан кейін Астана туралы деректі фильм көрсетілді.

Жиынға келгендер департамент мұражайы мен спорт даңқы залын да тамашалады.

Астана күніне арналған шара 3 шілдеде Шалқар көліндегі оқу-жаттығу базасында жалғаспақ.

http://www.inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз