Журналистикадан жұлдызы жанды

Жаңақала ауданындағы мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан құрылған «Жас журналист» үйірмесінің мүшесі Марлен Ғилымханов бүгін облыстық Дельфийлік ойындарынан журналистика бағыты бойынша бағы мен бабын сынаған болатын. Ол аталмыш сайыстан «Бейбітшілік пен келісім: қазақ елінің жарқын болашағы»  тақырыбында газеттерде  жарияланған  мақалаларымен І орынды жеңіп алды.

Марлен журналистикаға талпынған жастардың бірі.  Жаңалыққа, өнерге жаны құмар талантты оқушы. Жазған материалдары аудандық «Жаңарған өңір», облыстық «Орал өңірі»  газеттеріне, республикалық «Ақ желкен» және «Айгөлек» журналына басылып жүр. «Рахмет, анашым» тақырыбындағы шығармасы республика бойынша үздік болып танылды.

http://zhaikpress.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз