Журналистің өміріне қастандық жасауды ұйымдастырушы 14 жылға бас бостандығынан айырылды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2012 жылы «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасағандардың ұйымдастырушысы ретінде айыпталған Нұрлан Тахамбетовті 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Бұдан бұрын журналистің өміріне қастандық жасап, ұсталған Асхат Тахамбетов, Мұрсәлім Сұлтангереев, Алмаз Батырхаиров, Манарбек Ақболатов сот үкімімен ұзақ жылға жазаға кесілген болатын. Сол кезде қылмысты ұйымдастырушының анықталмауына байланысты  оған қатысты қылмыстық іс бөлек өндірісте   қаралды.

Өткен жылдың тамыз айында аталған қылмысты ұйымдастырды деген айыптаумен 38 жастағы облыс тұрғыны, ат спорты түрлері бойынша спорт мектебінің бұрынғы директоры Н.Тахамбетов қамауға алынған еді. Ол ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 24-бабы және 96-бабы 2-бөлімі «б, ж» тармақтары (өлтіруге оқталу) бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды.

Сот Л.Ахмедьяровтың азаматтық талабын ішінәра қанағаттандырып, сотталушыдан моралдық шығын есебінде  2 миллион теңге өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ.

inform.kz
Бөлісу: 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
Сіз робот емес екендігіңізді дәлелдеу үшін сұраққа жауап беріңіз