ВЕРНУТЬСЯ

Есіңде бар ма жас күнің

       Есіңде бар ма жас
күнің, 
Көкірегің толық,
басың бос,
Қайғысыз, ойсыз,
мас күнің -
Кімді көрсең,
бәрі дос.
Махаббат, қызық,
мал мен бақ
Көрінуші еді
досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл
ақ,
Болар ма сондай
қызық шақ?
Құдай-ау, қайда
сол жылдар,
Махаббат, қызық
мол жылдар?

Қуаты оттай бұрқырап

      Қуаты оттай
бұрқырап, 
Уәзінге¹ өлшеп
тізілген.
Жаңбырлы жайдай
сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл,
қайран сөз -
Наданға қадірсіз.
Тәуекел мен батыр
ой
Өткір тілді найза
етіп,
Сайысып-ақ бақты
ғой,
Неше түрлі айла
етіп.
Оянбай, қайран
жұрт,

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

       Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа
түсті мұртың.
Жақсы менен
жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі
май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде
шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана
бұзылды сартша сыртың?
Ұқпайсың өз
сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ
орған өңкей қыртың.
Өзімдікі дей
алмай өз малыңды,

Алла деген сөз жеңіл

       Алла деген сөз
жеңіл,
Аллаға ауыз қол
емес.
Ынталы жүрек, шын
көңіл,
Өзгесі хаққа жол
емес.
Дененің барша
қуаты
Өнерге салар бар
күшін.
Жүректің ақыл
суаты,
Махаббат қылса
тәңірі үшін.
Ақылға сыймас ол
алла,
Тағрипқа тілім
қысқа аһ!
Барлығына

Рахым шалға

         Сұлу аттың көркі
жал, 
Азаматтың көркі
мал.
Өмір сүрегн
кісіге
Дәулет қызық,
бала бал.
Бал болатын бала
бар,
Бал болар ма
Рахымшал?!
Бүйтіп берген
балаңды,
Берген құдай,
өзің ал!

Страницы