ВЕРНУТЬСЯ

Әзім әңгімесі

Бір сөзім Мың бір
түннен оқып жүрген,
Өлең қып сол
сөзімді айтқым келген.
Болыпты ағайынды
екі жігіт,
Бағдатта Мұстапа
мен Сапа деген.
Екеуі жетім еді
әкесі өлген,
Талаптан жетеміз
деп, бос жүрмеген.
Тігінші, кестеші
еді кіші інісі,
Мұстапа
суретшілік ғылым білген.
Екеуі екі
айрылмақ қамын жеген,

Сегіз аяқ

    Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
   Шымырлап бойға
жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
   Тағына жетіп
қайырған-
         Толғауы
тоқсан қызыл тіл,
          Сөйлеймін
десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
    Өрнегін сендей
сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
   Надандар бәһра ала
алмас.
         Қиналма
бекер, тіл мен жақ,

Мен сәлем жазамын

      Мен сәлем
жазамын,
Қарағым қалқама.
Қайғыңнан азамын,
Барушы айта ма?
Күн бойы күтемін
Келер деп
хабарың.
Қайғырмай не
етемін,
Бізде жоқ
назарың.
Көңілге жұбаныш,
Сен едің базарым.
Сенсіз жоқ
қуаныш,
Тозды енді ажарым.
 

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (Я. Полонскийден)

       Жүректе көп
қазына бар, бәрі жақсы, 
Теңіздің
түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен
жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып
ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер
өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі
үлесіп алысқанша.
Құмарланар,
сүйісер жүрек тауып,
Қытықсыз
қызықпенен бас қосқанша.
Жұрттың сөзі:
тағдырға адам көнбек,

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

      Жігіттер, ойын
арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе
ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған
күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса
жарайды, қылса сұхбат.
Кейбіреу тыңдар
үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр
көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін
білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір
сөзді өз халынша.
Шын көңілмен

Страницы