ВЕРНУТЬСЯ

Шайтан (М. Ю. Лермонтовтан)

      Мұңлы шайтан -
құдайдың қуған жаны, 
Күнәлі жер кез
келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы
дәурені ойында оның,
Сондағы не
көргені, не қылғаны.
Ол күнде нұрлы
бейіш ішінде екен,
Өзі де періштелер
түсінде екен.
Жылы жүзбен
жұлдыздар жылжып жүріп
Сәлемдесер,
сөйлесер күшінде екен.
Ол күнде көз
жетпесті көп көздеген,

Жүректе қайрат болмаса

        Жүректе қайрат
болмаса, 
Ұйықтаған ойды
кім түртпек?
Ақылға сәуле
қонбаса,
Хайуанша жүріп
күнелтпек.
Аспаса ақыл
қайраттан,
Тереңге бармас,
үстірттер.
Қартыңның ойы шар
тартқан
Әдеті жеңіп
күңгірттер.
Тән сүйгенін
бермесе,
Жан шыдамас жаны
ашып.

Ала қойлар (И. А. Крыловтан)

       Бір таудағы
хайуанды бір арыстан 
Билеген патшасы
екен әуел бастан.
Әділ атақ алмақшы
ниеті бар,
Ешкімді
ауыртпастан, жылатпастан.
Онысы рас,
басында тәуір болған,
Сөйтсе де кімді
бұзбас бақ антұрған.
Алдынан жан
шықпаған патшамыздың
Ала қойды
көргенде көзі ауырған.
Ала қойда кінә
жоқ жүннен басқа,

Буынсыз тілің

       Буынсыз тілің, 
Буулы сөзің
Әсерлі адам
ұғылына.
Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп
тұғырыға.
Сезімпаз көңіл
Жылы жүрек
Таппадым деп
түңілмес.
Бір тәуір дос
Тым-ақ керек,
Ойы мен тілі
бөлінбес.

Страницы