ВЕРНУТЬСЯ

Құлақтан кіріп, бойды алар

      Құлақтан кіріп,
бойды алар
Жақсы ән мен
тәтті күй.
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең,
менше сүй.
Дүние ойдан
шығады,
Өзімді өзім
ұмытып,
Көңілім әнді
үғады,
Жүрегім бойды
жылытып.
Аңсаған шөлде су
тапса,
Бас қоймай ма
бастауға?
Біреу түртсе, я

Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық

     Бір дәурен кемді
күнге - бозбалалық,
Қартаймастай
көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек
зор, уайым жоқ,
Дейміз бе
ешнәрседен құр қалалық.
Бар ойы - өлең
айтып, ән салалық,
Біреуді қалжың
қылып қолға алалық.
Қызды ауылға
қырындап үйір болса -
Көңіліне зор
қуаныш бір бадалық.
Демеңдер өнбес
іске жұбаналық,

Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман

            Қартайдық, қайрат
қайтты, ұлғайды арман, 
Шошимын кейінгі
жас балалардан.
Терін сатпай,
телміріп, көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың
бәрі болды аларман.
Бай алады кезінде
көп берем деп,
Жетпей тұрған
жеріңде тек берем деп.
Би мен болыс
алады күшін сатып,
Мен қазақтан
кегіңді әпперем деп.
Жарлы алады

Альбомға

     Сал демеймін
сөзіме ықыласыңды,
Қайғылы өлең
еттім өз басымды.
Көкірегім бар
сырын өз әлінше,
Көрінгенге
көрсетпей, көп жасырды.
Қол жазуды ермек
ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз
дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі
асау, тентек өмір
Арттағыға бір
белгі қойса нетер?
Кім біледі, кез
болса арттағылар

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап

        Сенбе жұртқа,
тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне
қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді
алып шығар,
Еңбегің мен
ақылың екі жақтап.
Өзіңді
сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп
мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге
өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым
қуған бойыңа еп пе?
Қайғы келсе қарсы
тұр, құлай берме,

Страницы