ВЕРНУТЬСЯ

Қанжар

       Сүйкімді болат
қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық
майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста
кекке соққан,
Ер шеркес соғыс
үшін алған қайрап.
Еркелі нәзік
қолмен маған тиді,
Ұмытпа деп айрылған
жерге берді.
Қан сорғалар
жүзінде жас сорғалап,
Қайғымен
өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап
маған көп қадалған,

Күйісбайға

      Дұғай сәлем
жазамын Күйісбайға,
Бермек болған
айғырдың көзі қайда?
Көзді көрсең
бересің, тайсаң танып,
Алдамшы
атанғанның несі пайда?

Бақа мен өгіз (И. А. Крыловтан)

       Қарасаң, тым-ақ
көп 
Көре алмас іші
тар.
Несі артық,
бізден деп,
Салыспақ жұрт та
бар.
Су ішкелі бір
өгіз
Барып еді бұлаққа.
Бақалар қорқып,
тарбақтап
Қашып шықты әр
жаққа.
Бақаға өгіз
таумен тең,
Ұшып кетті
зәресі.
Мақтаншақтың, сен

Домбыраға қол соқпа

      Домбыраға қол
соқпа, 
Шымырлатып
бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа,
кел тоқта,
Жас келер көзге
жүр-жүрлеп.
Қайғылы көңілім
қайдағы
Бұрынғымды
жаңғыртар.
Қайратты алып
бойдағы,
Басымды қайғы
қаңғыртар.
Онан да жылы
жүзіңмен
Кел, жарым, қара
бетіме.

Абайдың қара сөздері (I сөз )

Аннотация:

Қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ... Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын... ...не болсын деп бағам, қай елге қосайын... ... қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын...
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
 

Страницы