ВЕРНУТЬСЯ

Сен-менің шаһаризадамсың

-Бұл сырды айтам жүрегімнің үнімен,Сезім отқа өртенердің бірі мен.Білсең жаным, Шаһаризадамсың, сен менің,Ғажап-ғажап сыр шертетін түнімен.Таптым сені, табарымды біліп ем,Бүршік атқан алма бақтың гүлінен.Әумесерлеу, бірақ адал жанымды,Аялашы шын ғашықтың тілімен.Жұмбағына бұл өмірдің кімнің жеткен зейіні,Тұп-тұнық деп ұғынамын маған деген пейілің.Менен асқан бақытты адам болмас жердің бетінде,«Мәртебелі Патшам, -десең күліп қана, -Ей, Ұлы!».-Ей, Ұлы, Бақытты Патшам!Болып шықпай жол торитын қарақшым,Болып шықпай шарапшыл,Болсаң егер тәңірім.Ер әйелге болу керек тәңіріАл тәңірдің екі етілмес

Парсы саздарынан

С.ЕсенинненОрыс халқының ұлы ақындарының бірі Сергей Есениннің лирикасы адам сезімін сиқырлап, ғаламат күйге түсіреді. С. Есенин өлеңдері қазақ тіліне аударылып, бірнеше рет кітап болып шықты. Оның шығармалары оқыған сайын мені де бөлек сезімге бөлейді.

Еліңді сүй!

Еліңді сүй!Сүй еліңді!Сезім-шың!Ел дегенде ет-бауырың езілсін.Ел дегенде көкірегің сөгіліп,Ел дегенде қаныңды ойла өзіңнің.Ел дегенде өзегіңді өрт шалып,Тұрсын дәйім от-жанарың шоқтанып.Ел дегенде ұйқың қашып елегзіп,Елмен бірге қуана біл шаттанып.Елмен бірге заман жүгін мойынға іл,Өле-өлгенше ел-жұртыңа қайыр қыл.Қара нардай көтеруге ауырды,Елің үшін жан беруге дайын тұр!Ел дегенде асау жүрек ұрғылап,Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!Туған Отан – абыз Атаң, тұғырың,Ғазиз Анаң –сарқылмайтын шымбұлақ..Сенің Елің, менің Елім – байтағым,Байтақ Дала- әз әулие, әйбатым.Бар әлемді құшағына сидыры

Отпантау

(немесе Адай-Ата әруағынан кешiрiм сұрау)      “Адайдың iшiнде Отпанның биiгiндеймiн...”                                                                       Мәтжан би.О, Отпантау,Отпантау!Ашылмастан құпиясы жатқан тау,Шашылмастан етек-жеңiн жапқан тау.Сұр мергендер талай арқар атқан тау,Шаттыққа да, қайғыға да батқан тау.Жаулар талай көз алартып шапқан тау,Дайлар талай ұран отын жаққан тау.Жауды қапқан қақпан тау.О, Отпантау,Отпантау!Каспий беттен саумал самал соққан тау.Баурайынан бал-бұлақтар аққан тау.Оралуға алтын қазық қаққан тау.Ыр

Страницы