ВЕРНУТЬСЯ

-Бұл сырды айтам жүрегімнің үнімен,Сезім отқа өртенердің бірі мен.Білсең жаным, Шаһаризадамсың, сен менің,Ғажап-ғажап сыр шертетін түнімен.Таптым сені, табарымды біліп ем,Бүршік атқан алма бақтың гүлінен.Әумесерлеу, бірақ адал жанымды,Аялашы шын ғашықтың тілімен.Жұмбағына бұл өмірдің кімнің жеткен зейіні,Тұп-тұнық деп ұғынамын маған деген пейілің.Менен асқан бақытты адам болмас жердің бетінде,«Мәртебелі Патшам, -десең күліп қана, -Ей, Ұлы!».-Ей, Ұлы, Бақытты Патшам!Болып шықпай жол торитын қарақшым,Болып шықпай шарапшыл,Болсаң егер тәңірім.Ер әйелге болу керек тәңіріАл тәңірдің екі етілмес әмірі.Айтсаң болдыАрманыңды алып ұшар алысқа,Құсың болам- Самұрық. Гауһар тасты жүзік ек...Тақпақ болған ер жігіттің жүзі кеп.Сол гауһардың  иесі сен, өзіңеШаһаризададан артық етем қызмет.Тек қана...Бақыт үркек ұшып кетер қона алмай,Қонбаған соң мұң ұялар жанарға-ай.Көп әйелдер Шаһаризада бола алмай,Көп еркектер әмір-патша бола алмай.Өз патшасын тапқан ханым бақытты,Қарақшыға тоналмай...