ВЕРНУТЬСЯ

 Басын иген бай, батыр, ақымағың,Маңғыстау ақиығы – ақын Абыл.Айтыста жеңiлiптi Балдай қыздан, -Бұлбұлынан далалық сахнаның.Бiр емес, жеңiлiптi бiрнеше рет,Жүректерден шалқыған үндесiп от.“Қызыл тiлдiң қылышы дүр ақынның”, -Таңданыпты қалың жұрт:- “Бұл несi?”, - деп!“Жазайыншы дертiмнiң сыздатқанын,Қалмау үшiн тамырда мұздап қаным”, -Дедi ме екен,Ұзатылып кеткен қызды,Жеңiлiптi тағы бiр iздеп барып.Кей сөз – бақыт,Кей сөзден басы кетер,Ақын өмiр – дария тасып өтер.Он сегiзде бүр жарған Балдай қызға,Өйткенi: кексе жырау ғашық екен.Сол ғой жанын түсiнiп, ұғатын да,Тұңғиықтан сол алып шығатын да.Шын ғашықтың алдында жеңiлу – шарт,Лебiзiне елтiген шын ақынға.“Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,Бал татыр жесе шекер таңдайымыз”.Ақын жүрек қашанда ғашық болғыш,Бiздiң де болар ондай-ондайымыз.