ВЕРНУТЬСЯ

 Түйе,Түйе,Иiр мойын түйелер,Сен ғылымсың бiр арнаға жүйелер.Ботаң өлiп боз далада қайғы буған шағыңда,Алпыс екi тамырыңды идiрiптi күй өнер.Жанар оты сағыныш боп маздаумен,Орта жолда құздан құлай жаздаумен.Мейлi Қырым, мейлi Қытай асырсын,Туған жерге оралыпсың боздаумен.Саған артып өмiр жайлы толғаған,Үмiт әнiн, аттаныпты алға адам.Әуе жолы, темiр жолдар жоқ кезде,Түйе жолдар ел мен елдi жалғаған.Жүк қалмаған көшкен, қонған беткейде,(Керуендер сап түзеген өтпей ме?)Мадақтаған саған сенген адамдар,Түйе демей, “шөл кемесi” деп кейде.Санаспадың жақын жерiң, қашығың,Деген жоқсың: “қажыдым да жасыдым”.Расында:Атыраудың тұңғыш мұнарасын да,Арбаға сап тасыдың.Ендi менiң дәлелiм мол сүйенер,Сен ғылымсың бiр арнаға жүйелер.Бүгiн, мiне, составтарға маңғаздана қарайсың.(Дәуiр жүгiн бердiң соған, жарайсың),Түйе,Түйе,Иiр мойын түйелер.