ВЕРНУТЬСЯ

Жыр оқимын тасыңнан...

 О, Маңғыстау, жасырған,Құпияң мол неткен бұл?Жыр оқимын тасыңнан,Қына басқан көктеңбел.Өткен өмiр айқаста,Iстеп кеткен дегенiн.Қой таста да, ай таста,Таңбасы бар жебенiң.Мәңгiлiк боп ұраны,Жоғалмастан нұр әрi.Мавзолейлер, мазарлар,Айдалада тұр әлi.Небiр тарих жатыр-ау,Сынып, мұрты кертiлiп.Жетi жұрт кеп, япырау,Кеткен дейдi жетi жұрт.Тұлғасына тұнған әр,Сұрақ қоям шыңдарға.Мына қорым кiм болар,Сақтар әлде,Оғыздар ма,Ғұндар ма?

Есте жоқ ескі заманда...

 Бұл Түбек пе,Бұл Түбек,Есте жоқ ескi заманда гүлденген-дi дүркiреп,Аспанынан тек қана Нұр жауатын сiркiреп.Барыстары арс еткен орманы ну жайқалар,Көздей тұнық көлдерi дауылға әзер шайқалар.Тым өр едi өңiрдi мекендеген тайпалар.Адырнаны тартатын құлаштап кеп шiренiп,Арындап кеп жортатын Көк теңiзге тiрелiп.Күлсе – жаздай жадырап,Ашуланса...

Құлпытас

            жанындағы толғанысҚандай қиын ұл болмай оты молдау,Құл болып жазмышқа тiс батыра алмау.Кiмге керек жай кезде бiлгiшсiнiп,Едiреңдеу,Шолтаңдау,Одыраңдау.Қандай қиын (қалтада диплом бар)Құлпытастан тарихты оқи алмау,Оқи алмау, зердеге тоқи алмау...Сыйпаймын араб әрпiн бар болғаны,“Осында, – деп,- бабамның арман-бағы”.Төбе астында көмiлiп қорғандары,Белгiсiз боп лапылдап жанғандары,Белгiсiз боп ашыққан, тоңғандары,Белгiсiз боп тойлаған, толғанғаны.Соның бәрiн аршитын төбе астынан,Сиқым мынау адасқан жолаушыдайОрмандағы.Сан ғасыр тұр арада ошақ басқа,Уақыт – сырға жұқпайды тосат босқ

Ерекше шөліменен...

 Маңғыстаудың (айтпаймын текке мұны),Сүйсе, өртеп сүйедi көкте күнi.“Iреңсiз де, сүреңсiз дала” - деген,“Таптырмайды саялар пана” - деген,Ұлы Кобзарь, саған мен өкпелiмiн.Ескерткiшi неткен көп өткенiнiң,(Өспеген аңызаққа текке гүлi).Бұл өлкеден орманды-ну iздеген,Бұл өлкеден Днепр – су iздеген,Тарас ата, саған мен өкпелiмiн.Тағдыр оны ешкiмге телiмеген,Келiспеймiн дегенге өлi дене.Әлсiздерге бермеген оң қабағын,Тоқу бiлген көңiлге толған ағын.Бұл дала ғой ерекше желiменен,Бұл дала ғой ерекше шөлiменен. 

Страницы