ВЕРНУТЬСЯ

 Маңғыстаудың (айтпаймын текке мұны),Сүйсе, өртеп сүйедi көкте күнi.“Iреңсiз де, сүреңсiз дала” - деген,“Таптырмайды саялар пана” - деген,Ұлы Кобзарь, саған мен өкпелiмiн.Ескерткiшi неткен көп өткенiнiң,(Өспеген аңызаққа текке гүлi).Бұл өлкеден орманды-ну iздеген,Бұл өлкеден Днепр – су iздеген,Тарас ата, саған мен өкпелiмiн.Тағдыр оны ешкiмге телiмеген,Келiспеймiн дегенге өлi дене.Әлсiздерге бермеген оң қабағын,Тоқу бiлген көңiлге толған ағын.Бұл дала ғой ерекше желiменен,Бұл дала ғой ерекше шөлiменен.