ВЕРНУТЬСЯ

 Кез болатын қол босаған орақтан,Кез болатын көңiлге нұр таратқан.Елдің Ұлы  мерекесi. Бәйгеде,Атқа шаптым, Құдабай қарт жаратқан.Болатұғын ол қарт нағыз атбегi,Мақсатында өз дiнiне қатты едi.Сондықтан да жаратқаны жүлде алар,Жолы болғыш, сәттi едi.- Сынға түстiң, маған серiк, қосшы дер,Аттың басын тежеп ұста,Тек көмбеде бос жiбер.Бурыл айғыр – Тайбурылдай бабында,Бойында жоқ ащы тер.Емес менiң тасқаным не асқаным,Менсiнбейтiн кезiнде айғыр басқаны.Екi тезек болатұғын iшiнде,Мана оны да тастады.Жассың әлi,Желкенiңдi желкiлдетпес қай ауыл,Бүге тұрам айтпай сөзiм байлауын.Бiр қиқуды сезiп тұрған тұлпарыңа қарашы,Жануар-ай, жанарының жайнауын...Бұл бурылдың жанында өттi көп кешiм,Сезем және еңбегiм еш кетпесiн.Еш уақытта тұлпарларға қамшы ұрма,Етiгiңмен қыса көрме өкпесiн.Ортасына түстiң дода-дүлейдiң,Жоламасын маңайыңа үрей-мұң.Тұлпар мiнген тұрымтайдай тұлымдым,Ал шап, ендi,Сүрiнбеуiңдi тiлеймiн. –Деген едiң сапар тiлеп,Қайран менiң Атбегiм,Жайшылықта мейiрiмдi едiң, ал мақсатта қатты едiң.Келер жылы, аяулы ата, өзiңдi,Сұр жебемен аяуы жоқ атты өлiм.Дәуiрлеген мезгiл екен аз уақ,(Бұндай кезде өнерпаздың жатар әрбiр назы ұнап).Сол бәйгеде бурыл айғыр көмбеге,Өзгелерден дара келдi азынап.Ауылдастың кеттi көңiлi аспандап,(Адам қандай бақытты едi сезiм-толқын тасқанда).Ал, Құдекең “Тфа-тфа, тiл тимесiн”, - дей бердi,Жалын тарап бурылдың.Жанарынан жас парлап.Содан кейiн айта алмадық асқақ ән,Содан кейiн мақтануға жасқанам.Тайбурылға басқа бала отырды,Жаратты да басқа адам.Содан кейiн бурыл бағы жанбады,Шабысына ешкiм көңiлi қанбады.Атбегi қарт дүниеден өттi де,Батты әркiмге тұлпардың,Тұғыр болып қалғаны.Содан берi көп күн шықты көгiмде,(Бiр жебеушi керек екен тегiнде).Жыр бәйгеде құр қап жүрмiн жүлдеден,Бiр атбегiм табылмай-ақ менiң де.