ВЕРНУТЬСЯ

 Даттау күпiр әруағын өлгеннiң,Мақтау күпiр мырзалығын бергеннiң.Бiр-бiрiне оқ кезедi садақтан,Екi әйелi батыр Тәңiрбергеннiң.Екеуi де қызы едi тектiнiң,Екеуi де сұлу едi жоқ мiнi.Екеуi де бiр-бiрiнен ассам деп,Бiр тарқатып, бiр өрген-дi кек тiнiн.Жеткен сөздер мынадай сыр шертедi,Екеуi де еркек үшiн өрт едi.Бәйбiшесi болса да сәл байсалды,Ал тоқалы тым өр едi, ерке едi.Сол еркелiк, сол еркелiк, еркелiк,Бал денесiн өрекпiттi өртенiп.Ел таңырқар жасатты оған бiр тойды,Ендi содан аз ғана сыр шертелiк:Бұл өмiрден көп едi оның алмағы,Тоқал атын жою едi арманы.Бекбике ме, салуалы бәйбiше,Ал Шөжептiң тоқал аты қалмады....Үш күн бойы қалың елдi тойлатты,Үш күн бойы он боз бие байлатты.Үш күн бойы боз бала, бойжеткенге,Алтыбақан ойнатты.Қамшы астында сабы күрең тобылғы,Боз биенiң ақ сүтiне шомылды.Сосын шығып қалың жұрттың алдына:Кешiр, - дедi, - менiң мұны-онымды.Мен бiр бақта жұпар атқан гүл едiм,Үзiлдiм де, бiрақ қайта түледiм.Тоқал деген кемсiк аттан құтқарып,Бәйбiше деп атасаңдар - тiлегiм.Тәңiрберген болып өтсiн тәңiрiм,Соған ғана ендi қалған өмiрiм.Орындаймын, екi етпеймiн ешқашан,Оның айтқан әмiрiн...Дедi халық Шөжеп сөзiн құптасып:(Қазы асап, дөнен қымыз жұтқасын).- Дұрыс, Шөжеп, Тәңiрберген үшiн сен,Қыз Жiбексiң,Гүлбаршынсың,Құртқасың.Бақыт сыйлар болсын саған алда күн,Тек кермексiз өмiрiң сүр, бал татып.“Ханым” деуге лайықсың бүгiннен,Әлгi анау... қалды атың...Той тарқады, той тарқады, тарқады,Сыйға алып бiр тай, бiр-бiр марқаны.- Жаппар Құдай тiлегiмдi бердi, - деп,Шөжеп сұлу кеңге салды арқаны.Әркiмдерде әртүрлi ғой ой шұбар,Жылқышы бар, түйешi бар, қойшы бар.“Қайдан келе жатсың?” деген сауалға,Былай тептi (әлгi бетпақ) тойшылар:- Талай қызық, талай шұжық көргенмiн,Болмау керек еш өкпесi ерге елдiң.Ерке тоқалы ерiккеннен той жасап,Батыр Тәңiрбергеннiң...Содан келем, ха-ха-ха!