ВЕРНУТЬСЯ

 1. КiлтО, Махаббат!Кiм жазбайды сен жайлы,Сен жайлы сыр әрбiр жүрек толғайды.Бiреуiнде - бақыт балы – тәттiлiк,Бiреуiнде - зар қайғы.Бұл махаббат - түпсiз терең мол арна,Терең тамыр ойлаңызшы солар ма?Махаббаттың туындысы, жемiсi,Семирамида бағы менПирамидалар да.Негiз осы байырқаса, барласа,Сақ болған жөн дақ түсiрмей арға аса.Не болар ек, не болар ек, адамзат,Ең асыл зат – бұл махаббат болмаса...2. Табыттан табылған өлеңАдам дос боп, адам және жауықты,Дәуiр өткен талай-талай қауiптi...Археологтар Египеттен ежелгi,Нефертити табытын да тауыпты.Көрдi ме, әлде көрмедi ме жан азап,Бiлмеймiз бiз (дәстүрi де және жат).Сұлу әйел мүрдесiнiң үстiнде,Өлең жатты тасқа жазғанО, ғажап:“Тыныс алам сенiң тәттi демiңнен,Қуанамын күн шыққандай сен көрiнсең көгiмнен.Тiлегiм сол - есту сенiң үнiңдi,Солтүстiктен ескен жiбек желiндей.Сенсiз маған тамақ батпас, қарным аш,Рухыңмен тыныстармын кең құлаш.Талай заман өтсе-дағы бәрiбiр, Саған деген махаббатым мәңгi жас”.Асыл жырды зердесiзге сөккiзбей,Асыл тасты күл-қоқысқа төккiзбей.Нефертити атты арудың есiмiн,Махаббат қой бiзге осылай жеткiзген.Бiр сауалды алдарыңа тоса алам:- Нефертити атты аруды жасаған.Фараон ба аты әйгiлi Эхнатон,Мүсiншi ме әлде тасқа қашаған?Жауап iздеп соған өзге күйге енем,Пар ат жеккен жүрген сәндi күймемен.Сол мүсiншi сол сұлуды, менiңше,Фараоннан кем сүймеген.Дәл шертпесең қыл перненi басты сын,Таба бiлсең бұл қазына айқышын.Кiм екенiн ғашық жырдың авторы –Айтар едi-ау, Нефертити тас мүсiн...3. Сәулет сырыБаспаған жер болмасын, - деп - табаным,Қай жерде өлдi қаһарлы күш – Қағаның.Белгiсiз ол,Ал Сұлулық тұр асқақ –Мавзолейi Яссауи Бабаның.Бiр сөз айтам сол Мавзолей хақында,(Түркiстанда болғаным бар жақында).Ғасырлардан озу сыры ғасырға,Орнатылған ескерткiш бұл –Ақынға.Боз жусанды далам менiң көделi,Жатты бәрiн қасiреттiң көтерiп.Бұл даланы ұстау үшiн кiсендеп,Керек болған Ақындардың беделi.Қойша иiрiп бейбiт жұртты сан қырған,Ету үшiн өзiне бас, мал құрбан.Атышулы Ақсақ Темiр қатыгез,Шебер жиып, Даңқ үшiн салдырған.Бiр арнадан бастау алар мың арна,(Даңқ құмар Әмiр оны ұғар ма?)Ал сәулетшi бiр сұлуға ғашық боп,Соған арнап соқты сәулет-шығарма.Әсемсiң ғой құпияңмен, өмiр сен,Төгiлесiң құмарлық боп төгiлсең.Жауыздықтан туған нәрсе – тым келте,Махаббаттан туған нәрсе - өмiршең.Қайғы дайын бергендерге қастаса,Бақыт дайын бiлгендерге достаса.Талай хандар жерленсе де осында,Түсiнедi ел сәулет сырын басқаша....Солай, досым, Сұлулықты Зұлымдық,Жеңбек емес ешқашан,Ешқашан! 4. Көкетай мен АсалыКүлкiсi әсем сазы дерсiң сырнайдың,Ару жүзi сәулесiндей нұрлы айдың.Сүмбiл шашы толарсағын қағатын,Бұл өлкеде қызы бопты бiр байдың.- Көкетайым,Еркем,Арым,Көкешiм!Жұрт алдында мерейлi еткен әкесiн, -Дейтiн Әке, - салтанатын асырып,Ұзатамын сұлтанға қидырып ақ некесiн.- Жарқыраған күндiзiм,Маңдайдағы жұлдызым,Бағым,Гүлiм,Құндызым!Теңгермеймiн iзiне өзгелердiң мың қызын. –Дейтiн шеше өзге теңеу таба алмай,Сүйiп, құшып Көкетайдың нұр жүзiн.Көкетай қыз сәнi екен сол елдiң,Көкетай қыз әнi екен сол елдiң.Бәрiне де салмапты қыз көз қырын,“Жар етемiн”, - дегеннiң,Сол кезде айтса нанбас едi бiр кiсi,(Солай болса қайтпек жүрек бұлқысы).Жорға мiнген жас сұлтанға емес ол,Ғашық болды Асалыға жылқышы....Шақ жетiптi түнеретiн басқа бұлт,Жүрген жiгiт ер-тұрманын жастанып.Көкетайын қос атпенен бiр түнi,Елсiз шыңға қашты алып.Екi ғашық түндi еттi баспана...Бай келiнi түндiк ашты жасқана.Сосын ауыл дүр сiлкiндi кенеттен,Жалшыға жар бай қызы,Болу неткен масқара?Желбiреткен жақсы жырдың желегiн,Ғашықтықтың қосылу ғой тек емi.Дала төсiн дүбiрлетiп тұяқтар,Өмiр қашып, өлiм қуып келедi.Екi ғашық махаббатын желкен ғып,Зымырайды бақытына ертеңдiк.Шырқырайды Жауыздықтан қорғалап,Сұлулық пен Көркемдiк.Екi ғашық құтылам деп қашады,Жақын қалды жауыздықтың жасағы.“Көкетайым, сен құтылшы”, - дедi де,Аттың басы кейiн бұрды Асалы.- Бiздер үшiн бiткен бе өмiр көктемi,Қылышкер ең...Бiрақ олар көп тегi.Осы айқаста, Арысым-ау, мерт болсаң,Маған да өмiр жоқ тегi. –Дедi сұлу жанарынан жас тамып,Ал жылқышы жалтармады жасқанып.Қарсы шапты қуғыншылар тобына,Көру үшiн өмiр алдан тосқанын.Күй тартқанда тұлпар тұяқ дүсiрлi,Ат бауырына үш жiгiттi түсiрдi...Топ басшысы сұлтан қанға қарайып,Терiсiне сыймай қатты iсiндi.Бiреуге ерлiк,Бiреуге ұрлық жасатар,Бұл өмiрдiң асатар,Сыбағасы таусылғаны сол болды,Асалы үшiн от шашты да бесатар.Қызыл көрген құзғындардай үймелеп,Ат-матымен кеттi қызды сүйрелеп.Көкетайдың жүрегiнен бiр шыққан,Асалының жүрегiнен тиген оқ.Жанар ма ендi қайта мынау өшкен от,Тiккен талай шәйi орамал кестелеп.Асалысы қалды артында,Ал бұған,Қайда апарып, не iстемек.Бақытсыз ба шын ғашықтар ежелден,Қосыла алмай Баянына Қозы өлген.Не iстеп едi сол сәтiнде қыз Баян?Ал Көкетай шырқау керек қандай ән?“Қаптаған жау шат-шадыман жан-жағым,Мен де жетем саған қазiр, жан-жарым”, -Деп Көкетай камзолының астынан,Суырып ап,Салды өзiне қанжарын...Сүйгенi үшiн бiрiн-бiрi үздiгiп,Заңның қатал от алауы шыжғырып.Қала бердi қос төмпек боп далада,Он сегiзге жетер-жетпес қыз-жiгiт....Бұл өмiрдiң көп қой тартыс, шатағы,Бiреу өлсе, бiреу туып жатады.Көкетайдың сiңлiсiне үйленiп,Жас сұлтанның шықты абырой-атағы.Зорлықшыға жақпайды екен қаралық,Зауал болып төнедi екен қара бұлт.Қайтып келе жатқанда бiр жорықтан,Сол сұлтанды шағып апты қарақұрт.Сыйпай алмай Көкетайдың бұрымын,Ызасына салған елге бүлiгiн.Қарақұрт боп келiптi де бармақтай,Оған да ажал салған солай құрығын.Бұл өмiрдiң көп тағы да мазағы,Асқандарға тарттыратын жазаны.Қос ғашықтың қабiрiнiң тұсы екен,Сұлтанның да өлген жерi –Ғажабы.Мықтылық-ай,Ал iнiсi сұлтанның,Атышулы қас шебердi алдырды.Тас қашатып талай белдi талдырды.Сөйтiп оған бұл өмiрде теңдессiз,Бiр мавзолей салдырды.Жүргенменен қожайыны кiсiмсiп,Деген оймен: “зерделiлер түсiнсiн”.Қос ғашықтың махаббатын ал оған,Өрнектедi, барын салып мүсiншi.Қос ғашықтың махаббатын қашады,Атып кеткен жауыздықтың жасағы...Халық естен сұлтан атын шығарып,Атап кеттi мазарды –Көкетай мен Асалы.Жыр ғып өткен жоқпын тегiн оны мен,(Ай далада асқақ күмбез көрiп ем).Соғып бердi махаббатқа ескерткiш,Уақыт өзi Жауыздықтың қолымен.                           ***Кеудеде нөпiр толқын тасып iзгi,Тағы бiр жыл есейтiп жасымызды.Он жетiнiң өрiне шыққан кезде,Қайырдық шалқасынан шашымызды.Бұрынғыдан толысып, толғанбыз ба,Жiгiттiк жайлауына қонғанбыз ба.Сол жылы...Ғашық болдың, асыл досым,Жаныммен мен ғашық болған қызға.Рас, бiздер майдан сап ұрыспадық.Батырлардай серттесiп тұрыспадық.Қос жүрек те ынтығып сол сұлуға,Сол сұлуға төрт жанар нұр ұшты алып.Бiр төсектен және бiз өретiн ек,Талай сырды екiге бөлетiн ек.Әттең, әттең, екiге бөлiнбейтiн,Сол аруды шын жақсы көретiн ек.Түн болып... не таң болып ата алмадым,Достық-ай, жiбiңдi үзiп өте алмадым.Балаң сырды Арманға ақтаруға,Мен сенен бата алмадым,Сен менен бата алмадың....Тағы да қуа алмадық түрiп кектi,Бiр ыза iшiмiздi бүрiп кеттi.Бiрiмiзге – бiрiмiз қимай жүрген,Сол сұлу өзге жанмен жүрiп кеттi.