ВЕРНУТЬСЯ

 Маңғыстау түбегiнде Булыойық атты жерасты үңгiрi бар. Тереңдiгi 200-300 метрдей. Үш қабатты алып киiз үй тәрiздi күмбездерден тұратын бұл жұмбақ үңгiрдiң түбiнде көздiң жасындай мөп-мөлдiр су жатыр. Үңгiрдiң сырттағы аузында қой тастан қашалған астау тұр. Қай заманда болса да, әйтеуiр адамға қызмет еткенi осыдан ұғынылады.                                      I.Булыойық –Маңғыстауда жұмбақ үңгiр,Жұмбақ үңгiр құпиясын тыңдағым бiр.Келген едi,Амал не, жақпар тастар,Сұлық жатыр сыр шертпей күңгiр-күңгiр.Күңгiр-күңгiр сырлары ағытылса,Жүре берер едi ғой нұрланып жыр...                       II.Арда сүтiн ешкiмге емiзбеген,Шөл дала,Қашық ақжал теңiз деген.Абайсызда үстiнен түстi үңгiрдiң,Хатшы,Тiлшi,Директор* шөп iздеген.Жатыр үңгiр құпиясы ашылмаған,Қабырғасын мұқ басқан жасылдаған.Иланарлық,Сонау бiр сәби кезде,Мекен еткен десе егер осында Адам.Болжамда дерек те мол, ағат та бар:- Мұнда әр ғасыр керуенi қонақтаған,- Қарақшы да түнеген жалақтаған,- Батыр қонған жауға елiн тонатпаған, -Жолаушылар дейдi шай сораптаған.____________________________________ *Хатшы – Д. Әрiпов, тiлшi – А. Өтегенов, директор – Н. Балмұханов.Сыртта ыстық күйетiн құс қанаты,Ал үңгiрден еседi сабат-самал.- Тылсым сырға тек қана ұққан қанар,Өмiр үлесiн жығылған, жыққан да алар.Талай заман өттi ғой, бұл үңгiрде,Бай - алтынын,Сұлулар - сырғаларын,Ал ғұлама кiтабын тыққан болар.- Үзiлгенше ақырғы алатын дем,Сәуле iздеген адамдар қара түннен.Дәл осындай үңгiрден басталыпты,Сүлеймен патша кенiшiне баратын жол...- Дәл осындай... дәл осы... дәл осы жер,Бiр сыр ұқтым ертегi елесiнен.Кенет тiлшi орнынан атып тұрып,Өзеуредi, - Дәл осы, дәл осы жер!- Не осы жер, айтсаңшы не осы жер?- Ертегiге елтiп жаста ерке өстiк,Естерiңде бар ма батыр Ертөстiк?Шалқұйрықпен жер астына түскенi,Жер үстiнен мәңгi күдер үзгенi.Сонда... сонда...Ебiн тауып жылан Бапы елiнен,Туған жердiң төсiне,Шыққан жерi осы жер.Жарық дүние қадырын,Ұққан жерi - осы жер!Дедi хатшы:- Дұрыс байлам, шырағым,Сүйсiнтедi құпияға құмарың.Ертегiде арманы бар халықтың,Сондықтан ол - асылың мен тұмарың.Табиғаттың көп қой салған өрнегi,Жаралғалы көрмед дейсiң Жер ненi.Мына үңгiр деБолар соның жарасы,Бәлкiм тыныс саласы.Дүниенiң жұмбағы мол шешiлмес,Байырқап бiр қарашы...- Дәл таптыңыз, -Дедi Тiлшi шаттықпен тән балаға-,Пiкiрiңiз ұғынықты санаға.Жер-Ананың тыныс алар Танауы - Үңгiрiңiз – үңгiр емес,Жан Аға,Пiкiрiңiз құйылып тұр санаға.Ұлы Танау –Жерiмде ата мекен.Болғанын айқай салып, атап өтем.Булыойықтан,Жазда есiп сабат-самал,Ал қыста бу бұрқырап жатады екен.Ей, Адамдар, нұр ұшқан iззетiңнен,Қиянаттың талайы түзетiлген.Жер-Анамыз тұншығып қалмауы үшiн,Бiтемей,Тонамай,Құлатпай,Күзетiңдер үңгiрдi, күзетiңдер!                        III....Ал директор үнсiз қалған манадан,Ойын айтты белiн буып, қалаған:- Бұл үңгiрдiң түбiнде,Жеткен аман бүгiнге,Су жатыр.Көз жасындай тұп-тұнық,Арулықты, зәрулiктi ұқтырып.Бос сөздерге жем қылмалық уақытты,“Сол суды iшкен адам болар бақытты”. -Деп естiгем,Жүр, үңгiрге түселiк.Түселiк теӘлгi судан iшелiк....Жүрегiнде жанып тұрған жалын жыр,Жолаушылар бiр әсерге малынды.Жеңдi оларды құпияға құштарлық,Жетеледi тылсымына ал, Үңгiр...