ВЕРНУТЬСЯ

Ұлы композитор Құрманғазы демократиялық бағыттағы көзқарасы үшiн ұсталып абақтыға айдалғалы жатқанда анасы Алқа қоштасуға келедi. Аяулы ананы көргенде арыс азаматтың көзiне жас моншақтары iркiлдi.Жау алдында жасығанына намыстанған ер ана: «ұл тудым деп жүрсем, жасық құл туған екенмін ғой» деп ұлының жағынан шапалақпен тартып-тартып жiбередi.Сондағы Құрманғазының iштей толғанысы:Жасып тұрған шағымда,Қайраттандырған.Сасып тұрған шағымда,Айбаттандырған, -Сенiң шапалағың,Қайран шешем!Көзiме жас iркiлсе – сенi аяғаным-ды,Аңсағаным еркiндiгiмдi, баяғы әнiмдi.Туар, - деп, - қару ұстар қашан күнiм.Жаралады-ау жаныңды осалдығым.Жаныды жiгерiмдi –Шарт еткен шапалағың.Танытты бұл өмiрде –Кiм болмақ атар оғым.Жат маған батпақ – елес,Шарықтар шабытыма ендi ешкiм тоқта демес.Қайғырма, қайран ана, қанжар-ұл жарып шығар,Қап түбiнде жатпақ емес.Есейдiм бiр күнде мен,Құл болман мiңгiрлеген.Халқымның қамын жейтiн,Күй болам күмбiрлеген.От құйып ой-санама,Жандырып өткен жағымды.Ұмытпан еш, жан ана,Шапалағыңды –Жасып тұрған шағымда,Қайраттандырған,Сасып тұрған шағымда,Айбаттандырған.