ВЕРНУТЬСЯ

 Шыңыраулар,Қыземшектi шоқылар,Аттарыңнан талай сырлар оқылар...Тамшалы –Жаным сенiң бал дәмiңдi аңсады.Өрмелi –Үстiртiмнiң әдiптелген ернегi.Көгесем –Көкейiмнен кетпей жүрсiң неге сен?Оғыландым –Келмейдi уыз қасиетiңдi төгiп алғым.Бекет-Ата мекенi - киелi жер,Сенен тiлер iздеген жоғын әркiм.Таушығым –Сазы бөлек дауысының.Күйкенұшқан, Манашы –Өткенiмнiң сүртiлмеген санасы.Айрақты –Ұмытам ба сендей шерлi аймақты.Ер Қонайдың үйiгi –Кiрлетпейтiн намысымның биiгi.Бейнеуiм, Сам құмым –«Жiбек жолы» даңғылым.Тасастау, Қайнарым,Сарқасқа, Тайланым –Қызып iшер қымызым, қаймағым.“Қырғыным” –Жүректе жазылмас бiр мұңым.Қаражар, Қазыбек –Қаласың жанымның еркесi, назы боп. Ақмешiт,Ақкиiзтоғайым –Сендерсiз жоқ күнiм, жоқ айым...Керек пе, бәрiңе бұлақ боп ағайын,Керек пе, бәрiңе жүрек боп соғайын!...