ВЕРНУТЬСЯ

 Шiлiңгiр шiлде iшiнде,Күн тиiп азап тартасың.Iшкiзер ем-дом үшiн де,Қара қойдың сорпасын.Қара құрт шақса уытын,Тағы да сорпа қайтарар.Шомылып соған, жiгiтiм,Шыдамсыз жаның жай табар.Тұра алмай қалсаң шойырылып,Жел тиiп желкем белiңе.Сол қойшы қойын сойдырып,Орайды жылы терiге.Жайлауда ауырып қалдың ба,Ойламас әсте арам ой.Жайылып жүрген алдыңда,Қойшының емi – қара қой.Сәулесi күннiң мол мұнда,Қара қой ғажап дара ғой!