ВЕРНУТЬСЯ

Тақымымда ақ боз атым,Ауызымда - өлеңiм.Жастан кеткем шоқ басатын,Қой өргiзiп келемiн.Берiлмейдi атыма мән,Менсiнбейдi оқыған.Мен – малшымын оқымаған,Бiрақ бәрiн тоқыған.Менсiнбеген менсiнбесiн,Түгел менiң ұпайым.Қиындықтар келсiн, келсiн,Көрем өмiр құқайын.Қорықпадым кәрiнен де,...Шенеунiгiң ұрғам ба?!Мен сыйлымын бәрiнен де,Қолымда ырыс тұрғанда.Жан беремiн, жан аламын,Мақсат үшiн түнiмен.Мына жердiң саналамын,Асыраушысының бiрiнен.Мен даламнан бөлектенiп,Ұзамаспын алысқа.Ұшатындар кезек келiп,Ұша берсiн ғарышқа.Сөндiрмесе, сөндiрмесе,Болды дүние жарығын.Сағынышпен мөлдiр кесе,Олар да,Жерге қайта оралады бәрiбiр!Жерге қайта оралады бәрiбiр!