ВЕРНУТЬСЯ

(Қаратөбе - Маңғыстау халқының тарихынан ерекше орын алатын жер. 1998 жылы осы жерде Шотан батыр, Абыл ақын, Досан батыр аруақтарына арналып ас берiлдi.)       1 Қаратөбе,Қаратөбе,Қаратөбе!Маңғыстауда ерекше дара төбе.Бiздер үшiн қасиеттi киелiсiң,Дем беретiн әр кезде сүйенiшiм.Сенде ақыным, батырым Абыл, Досан,Сан ой келер басыма дамылдасам.Сенде алғашқы адайлық болған сиаз*,Сол сиязда Хан болған Тобанияз.Сырға толы әр тасы бұл араның,“Қаратөбе” жазылар романым.___________________________________________*Сиаз (съезд) – 1917 жылы Ә. Жангелдин өткiзген Маңғыстау халқының жиыны.                            2Маңғыстауды Адайға киелi мекен жер еткен,Көшiрiп Мұңалжарынан, Жем, Сағыз, Қобда, Електен:Атағозы батырдың найзасының iсi дер,Лабақ-дүлей батырдың түнерiңкi сұсы дер.Қожамбеттей палуан бiлегiнiң күшi дер,Шотан мiнген шұбар ат тұяғының ұшы дер.Осыдан-ақ бұл халық көп нәрсенi түсiнер.Бұл мекенде алда да өтер небiр кiсiлер,Бұл мекенде алда да небiр шарбат iшiлер.Шотан мiнген шұбардай құйрық жалы төгiлген,Бұл мекенде алда да талай тұлпар кiсiнер.Ұрпақ үшiн алысып, сый қалдырған маған мол,Баба рухы тұрғанда адаспайтын табам жол.Халық болып ұйыған Тобекеңдi Хан сайлап,Қасиеттi, киелi Қаратөбем аман бол,Қаратөбем аман бол!!!